Қазірдің өзінде Әмір «Ордабасы» сапында барлығы 19 ойын өткізіп, 8 гол соққан
Ресейдің «Балтика» футбол клубы «Ордабасы» шабуылшысы Жасұлан Әмірді 3 млн еуроға сатып алуға ұсыныс берген. Алайда, шымкенттік клуб басшылары трансферден бас тартты деп хабарлады ASnews.kz сайты.
Дереккөздің мәліметінше, 19 жастағы шабуылшыны «Ордабасы» басшылары маусым ортасында сатуға үзілді-кесілді қарсы болған. Оның үстіне, Жасұлан Әмірдің өкілдері оны өзге клубқа сатқан жағдайда ойын тәжірибесінің тұрақты болуын талап етіп отыр. «Балтика» бұл талапқа келісе ме, жоқ па – ол жағы белгісіз.
Қазірдің өзінде Әмір «Ордабасы» сапында барлығы 19 ойын өткізіп, 8 гол соққан және нәтижелі бес пас берген.
Биыл маусым айында жас шабуылшы Қазақстан ұлттық құрамасы сапында дебютін өткізіп, нәтижелі бір паспен көзге түсті. Ол кезде біздің команда Армениямен жолдастық кездесу өткізіп, 1:1 есебімен тең тарқасты.