Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Мысыр футбол қауымдастығы Аргентинамен болған матчтан кейін төрешілер үстінен шағым түсірді

Бүгін, 10:22

Аталған кездесуге франциялық Франсуа Летексье бастаған төрешілер бригадасы қызмет көрсеткен болатын

Мысыр футбол қауымдастығы Аргентинамен болған матчтан кейін төрешілер үстінен шағым түсірді
Getty Images

Мысыр футбол қауымдастығы (EFA) Әлем чемпионатының 1/8 финалында Аргентинаға қарсы өткен матчтағы (2:3) төрешілердің жұмысына байланысты ФИФА-ға ресми шағым түсірді. Бұл туралы Globo хабарлады. 

Аталған кездесуге франциялық Франсуа Летексье бастаған төрешілер бригадасы қызмет көрсеткен болатын.

Қауымдастық президенті Хани Абу Рида матчтағы даулы эпизодтарға (Мысыр құрамасының есепке алынбаған добы мен Аргентинаның үшінші голының алдында берілуі мүмкін болған пенальти) қатысты тергеу жүргізуді талап етті. Сондай-ақ, ол әлем чемпионаты аяқталғанға дейін француз төрешілер бригадасын қызметінен шеттетуді сұрады.

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика аумағында өтіп жатыр. Әлемнің қазіргі чемпионы — Аргентина құрамасы. Команда 2022 жылы Катарда өткен турнирдің финалында Франция құрамасымен негізгі және қосымша уақытта 3:3 есебімен тең ойнап, пенальтилер сериясында 4:2 есебімен жеңіске жеткен еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам