Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Лука Модрич мансабына қатысты маңызды шешім қабылдады

Бүгін, 16:40

Модрич Хорватия сапында 202 матчқа қатысып, 29 гол соққан

Лука Модрич мансабына қатысты маңызды шешім қабылдады
©instagram.com/hns_cff

Хорватия құрамасының капитаны әрі тәжірибелі жартылай қорғаушысы Лука Модрич ұлттық құрамадағы мансабын аяқтауға асықпайды.

24sata басылымының мәліметінше, 40 жастағы футболшы 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін де Хорватия сапында өнер көрсетуді жоспарлап отыр. Модрич алдағы халықаралық турнирлерге қатысуды көздеп отыр.

Футболшының бұл шешіміне Славен Биличтің Хорватия құрамасының бас бапкері қызметіне келуі ықпал етуі мүмкін екені айтылуда.

Айта кетейік, Лука Модрич ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын дәл Славен Биличтің жетекшілігімен 2006 жылы өткізген.

Осы уақытқа дейін Модрич Хорватия құрамасы сапында 202 матчқа қатысып, 29 гол соғып, 32 нәтижелі пас берген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам