Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Әл-Наср» қаржылық қиындыққа тап болды

14.07.2026, 19:33

Қаржы тапшылығы трансферлік жұмыстарға да әсер еткен

«Әл-Наср» қаржылық қиындыққа тап болды
Әлеуметтік желі

Сауд Арабиясының чемпионы атанған «Әл-Наср» клубы қаржылық қиындықтарға байланысты футболшыларының жалақысын уақытылы төлей алмай отыр.

Arriyadiyah басылымының мәліметінше, команданың бірнеше ойыншысы маусым айындағы еңбекақысының тек бір бөлігін ғана алған. Клуб басшылығы жақын арада барлық берешекті толық өтеу үшін қажетті шараларды қабылдап жатқанын хабарлады.

Қаржы тапшылығы трансферлік жұмыстарға да әсер еткен. Атап айтқанда, келісімшарты аяқталып, клубтан кеткен хорватиялық жартылай қорғаушы Марсело Брозовичтің орнына шетелдік ойыншыны алу жоспары уақытша тоқтатылды. Қазіргі таңда басшылық қаржылық жағдай толық айқындалғанша үміткерлермен ресми келіссөз жүргізуді кейінге қалдырған.

Айта кетейік, Португалия құрамасының жұлдызы Криштиану Роналду өнер көрсететін «Әл-Наср» өткен маусымда Сауд Арабиясы чемпионатының жеңімпазы атанған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам