ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

«Аргентиналық БАҚ-ты сотқа береді»: Месси әкесін соңғы сапарға шығарып салды

10.08.2026, 12:38

Лионель Месси әкесімен қоштасу рәсіміне қатысты

«Аргентиналық БАҚ-ты сотқа береді»: Месси әкесін соңғы сапарға шығарып салды
Luciano Bisbal/Getty Images

Аргентина құрамасының және «Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси әкесі Хорхе Мессидің қайтыс болуына байланысты туған жері Аргентинаға барып, қоштасу рәсіміне қатысты.

Аргентиналық Clarín басылымының мәліметінше, футболшы отбасы мүшелерімен бірге әкесін соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне қатысқан. Кейін Месси жақындарымен бірге зират аумағынан кеткен. Қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Футболшының Аргентинаға отбасы мүшелерімен бірге келген жеке ұшағы кейін жолаушыларсыз Майамиге қайтқан. Мессидің Аргентинада қанша уақыт қалатыны әзірге белгісіз.

Сонымен қатар футболшы қоштасу рәсімі кезінде отбасының жеке өміріне қол сұқты деп есептеген аргентиналық БАҚ өкілдеріне қатысты заңды шара қолданбақ. Бұл туралы аргентиналық журналист Фран Касаретто мәлімдеді.

Бұған дейін Хорхе Мессидің ұзақ уақытқа созылған ауыр науқастан кейін 68 жасында қайтыс болғаны хабарланған еді. Ол Лионель Мессидің әкесі ғана емес, футболшының көп жылдар бойы агенті болған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам