ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

«Әкесінің қазасы қатты әсер еткен»: Месси алаңға қашан оралады

Бүгін, 00:02

Мессидің АҚШ-қа қашан оралатыны белгілі болды

«Әкесінің қазасы қатты әсер еткен»: Месси алаңға қашан оралады
Rich Storry / Getty Images

Лионель Месси сәрсенбі күні АҚШ-қа оралып, «Интер Майами» клубына қосылады деп күтілуде. Алайда оның алаңға нақты қашан оралатыны әзірге белгісіз.

Аргентина құрамасының капитаны әкесі Хорхе Мессидің қайтыс болуына байланысты туған қаласы Росариоға барған. 68 жастағы Хорхе Месси 8 тамызда ұзақ уақытқа созылған аурудан кейін ауруханада көз жұмды. Осыған байланысты 39 жастағы футболшы «Интер Майами» сапынан уақытша кетіп, Аргентинаға ұшып барған.

9 тамызда Росариода Хорхе Мессидің жерлеу рәсімі өтті. Жерлеу рәсімі жабық форматта ұйымдастырылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Месси сейсенбі күні кешке Росариодан ұшып шығып, сәрсенбіде Майамиге жетеді. Осыдан кейін ол «Интер Майамидің» қарамағына қайта қосылады. Дегенмен футболшының келесі матчқа қатысуы әзірге белгісіз.

Doble Amarilla басылымының мәліметінше, әкесінің қазасы Мессиге қатты әсер еткен. Басылым дереккөздері футболшының біраз уақыт бойы клубтағы ойындарға қатыспай, отбасымен бірге қалуды қарастыруы мүмкін екенін хабарлаған.

Месси 2023 жылдан бері «Интер Майами» сапында өнер көрсетіп келеді. 2025 жылы ол клубпен бірге MLS чемпионы атанды. Сол жылдың қазан айында аргентиналық футболшы командамен келісімшартын 2028 жылдың соңына дейін ұзартты.

Лионель Месси — сегіз дүркін «Алтын доп» иегері, 2022 жылғы әлем чемпионы, төрт дүркін Чемпиондар лигасының жеңімпазы және Испанияның 10 дүркін чемпионы.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам