ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Самородов «Спартакқа» ауыса ма: трансфер құны белгілі болды

Бүгін, 11:43

«Спартак» пен «Ахмат» Самородовтың трансфері бойынша келіссөз жүргізіп жатыр

Самородов «Спартакқа» ауыса ма: трансфер құны белгілі болды
ҚФФ

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов мансабын Мәскеудің «Спартак» клубында жалғастыруы мүмкін. Қазіргі таңда ресейлік команда оның қазіргі клубы «Ахматпен» трансфер бойынша келіссөз жүргізіп жатыр.

Бұған дейін «Спартак» қазақстандық футболшы үшін 4 миллион еуро ұсынғаны туралы ақпарат тараған. Кейін мәскеулік клуб ұсыныс көлемін бонус­тарды қоса есептегенде 8 миллион еуроға дейін көтергені айтылды. Сондай-ақ Самородовтың «Спартактағы» жеке келісімшарт талаптары келісілген деген мәлімет бар.

Алайда бұл ақпараттың барлығы бірдей расталған жоқ. Инсайдер Иван Карповтың мәліметінше, «Спартактың» 4 миллион еуролық алғашқы ұсынысы «Ахматты» қанағаттандырмаған. Соның нәтижесінде клубтар арасындағы келіссөздер тоқтап қалған.

«Ахмат» Самородовты жіберу үшін кемінде 10 миллион еуро талап етіп отыр деген ақпарат бар.

Қазір екі клуб арасындағы басты мәселе – трансфер құны. Егер тараптар қаржылық шарт бойынша ортақ келісімге келсе, Самородов «Спартак» сапына ауысуы мүмкін.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам