ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

«Тобыл» еурокубоктағы биылғы жорығын аяқтады

Бүгін, 22:06

Сербиялық клуб 5:1 есебімен басым түсті

«Тобыл» еурокубоктағы биылғы жорығын аяқтады
ФК “Тобыл”

Қостанайлық «Тобыл» Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі сербиялық «Партизанға» қарсы қарымта ойынын өткізді.

Кездесуді қазақстандық клуб белсенді бастап, алғашқы минуттардан-ақ шабуылға көбірек көңіл бөлді. Бұл ойынның ырғағын бақылауға мүмкіндік беріп, бірінші таймда «Тобыл» есеп ашты. Ислам Чесноков қарсылас қақпасын дәл көздеп, командасын алға шығарды – 1:0.

Екінші таймда «Партизан» ойынға өзгеріс енгізіп, белсенділігін арттырды. Сербиялық клуб көп ұзамай есепті теңестірді. 

Кездесу соңына қарай қос команда да жеңіс голын соғуға мүмкіндік іздеді. Алайда шешуші сәтте «Партизан» мергендік танытты. 92-минутта Шака Траоре гол соғып, сербиялық клубқа жеңіс алып берді.

Осылайша «Тобыл» өз алаңында 1:2 есебімен жеңілді.

Еске салайық, Белградтағы алғашқы кездесуде «Партизан» 3:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Екі ойынның қорытындысы бойынша сербиялық клуб 5:1 есебімен басым түсті.

Осы нәтижеден кейін «Тобыл» еурокубоктағы биылғы жорығын аяқтады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам