ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

25 жастағы португалиялық футболшы матч кезінде көз жұмды

Бүгін, 13:32

Футболшы матч басталғаннан кейін шамамен 10 минут өткенде алаңда құлап қалған

25 жастағы португалиялық футболшы матч кезінде көз жұмды
Getty Images

Португалиялық футболшы Кевин де Каштру жолдастық кездесу кезінде есінен танып, кейін ауруханада қайтыс болды. Ол небәрі 25 жаста еді.

A Bola мәліметінше, жуырда «Реал Массама» клубына ауысқан футболшы «Эштрелаға» қарсы матч басталғаннан кейін шамамен 10 минут өткенде алаңда құлап қалған.

Екі команданың медицина қызметкерлері бірден көмек көрсетіп, оны дефибриллятордың көмегімен қайта тірілтуге тырысқан. Алайда әрекеттер нәтиже бермеді. Футболшы ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның қайтыс болғанын растады.

Кевин де Каштру 16 тамызда ғана 25 жасқа толған.

Оқиғадан кейін «Эштрела» клубы футболшының отбасы мен жақындарына, сондай-ақ «Реал Массама» ұжымына көңіл айтты.

Кевин де Каштру Португалияда дүниеге келген. Кейін бала кезінде Англияға көшіп, «Вест Бромвич Альбион», «Бёртон Альбион», «Ноттс Каунти» және «Йорк Сити» жүйелерінде өнер көрсеткен.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам