ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Мас күйінде Porsche айдаған «Реал» жұлдызы жазаланды

Бүгін, 09:58

23 жастағы футболшы 2023 жылы болған басқа оқиға бойынша да сот алдында жауап бермек

Мас күйінде Porsche айдаған «Реал» жұлдызы жазаланды
Getty Images

Мадридтік «Реалдың» қорғаушысы Рауль Асенсио мас күйде көлік жүргізгені үшін 14,4 мың еуро айыппұл төлеп, сегіз айға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Оқиға 16 тамыз күні таңғы сағат 06:30 шамасында Гран-Канария аралындағы GC-1 тасжолында болған. Полиция Porsche Macan GTS автокөлігін тізгіндеген футболшыны тексеру кезінде оның деміндегі алкоголь мөлшері бір литрге 0,90 және 0,88 миллиграмм болғанын анықтады.

Испанияда жүргізушілер үшін рұқсат етілген көрсеткіш — 0,25 мг/л. Ал 0,60 мг/л-ден жоғары нәтиже қылмыстық құқық бұзушылық ретінде қарастырылады.

Асенсио тағылған айыпты мойындап, жеделдетілген тәртіппен өткен сотта 14,4 мың еуро көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Сондай-ақ оның жүргізуші куәлігі сегіз айға тоқтатылды. Оқиға кезінде жол апаты тіркелмеген және футболшы қауіпті маневр жасамаған. 

Бұдан бөлек, 23 жастағы футболшы 2023 жылы болған басқа оқиға бойынша да сот алдында жауап бермек. Іс екі қыздың келісімінсіз түсірілген интимдік сипаттағы видеолардың таралуына қатысты. Олардың бірі сол кезде 16 жаста болған.

Тергеу нұсқасы бойынша, Асенсио видео түсірілген кездесуге қатыспаған және кадрларда болмаған. Алайда ол жазбаны басқа қатысушылардан сұратып алып, үшінші адамға көрсеткен деп айыпталып отыр. Кейін файл жойылған.

Испания прокуратурасы футболшыны жеке өмірге қол сұғуға байланысты екі эпизод бойынша айыптап, оған 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Ал істің қалған үш фигурантына кәмелетке толмаған адам бейнеленген материалды тарату және жеке өмірге қол сұғу айыптары бойынша 4 жыл 7 айға дейін жаза талап етілген.

Асенсио өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, видеоны түсіруге немесе таратуға қатыспағанын мәлімдеді. Іс бойынша түпкілікті шешімді сот шығарады. 

Рауль Асенсио — «Реал» академиясының түлегі. Ол мадридтік клубтың негізгі құрамында 2024 жылы дебют жасаған.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам