Лионель Месси ұлттық құрамадағы соңғы ойынын өткізу үшін Аргентинаға келді

Лионель Месси Аргентина құрамасы сапында 207 ойын өткізіп, рекорд орнатқан

Ezra Shaw - FIFA / Contributor / FIFA / Gettyimages.ru
Ezra Shaw - FIFA / Contributor / FIFA / Gettyimages.ru

Аргентина құрамасының капитаны, даңқты футболшы Лионель Месси ұлттық командадағы соңғы ойынын өткізу үшін туған жеріне келді.

Айта кетейік, 7 қазанда Аргентина құрамасы Буэнос-Айресте Бенинге қарсы жолдастық кездесу өткізеді. Бұл матч 39 жастағы Мессидің ұлттық құрама сапындағы қоштасу ойыны болады.

Лионель Месси Аргентина құрамасы сапында 207 ойын өткізіп, рекорд орнатқан. Ол сондай-ақ өз командасының және Оңтүстік Америка елдерінің ең үздік бомбардирі – 116 гол соққан. Әлем чемпионы (2022), Оңтүстік Америка кубогінің екі дүркін иегері (2021, 2024), Финалиссима жеңімпазы (2022), Олимпиада чемпионы (2008). 2026 жылы Аргентинамен бірге Әлем чемпионатының финалына дейін жетті.

Месси қазіргі таңда «Интер Майами» клубында ойнап жүр. Быилғы маусымда ол 24 матчта алаңға шығып, 21 гол соққан және 11 нәтижелі пас берген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам