Қажымұқан атындағы орталық стадионның әбден тозығы жеткен
Шымкентте жаңа футбол стадионы салынуы мүмкін. Бұл туралы шаһар басшысы Ғабит Сыздықбеков өзінін Instagram-парақшасында мәлімдеді.
Айта кетейік, «Бірінші бол» YouTube-каналында жарияланған арнайы репортажда спорт журналисі Ермұхамед Мәулен мен Олжас Байбосын қалаға жаңа стадион қажеттігін айтқан болатын. Әбден тозығы жеткен қазіргі Қажымұқан атындағы стадионға небәрі 17 мыңдай көрермен сыяды екен. Миллионнан астам халқы бар мегаполис үшін кемі 40 мың орындың нысан қажет деген болатын Е.Мәулен.
«Алдағы уақытта заманауи үлгідегі жаңа стадион салу жоспарда бар. Бұл жағын жан-жақты зерделеп, өздеріңізге хабарлайтын боламын», - деп жазды Шымкент әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салайық, Шымкенттің «Ордабасы» футбол командасы тарихында алғаш рет биыл ел чемпионы атанды.