Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Қазақстан футболшылары мемлекеттік марапатқа ие болды

24.10.2023, 15:17

Сондай-ақ, пара спортшы Айсұлу Сүлейменова да назардан тыс қалған жоқ

Қазақстан футболшылары мемлекеттік марапатқа ие болды
Akorda.kz

Республика күніне орай елімізде Президент Жарлығымен бірнеше спортшы мемлекеттік марапатқа ие болды. Олардың қатарында футболдан ұлттық құрама мүшелері бар.

Қ.Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Асхат Тағыберген, Бахтиёр Зайнутдинов және Максим Самородовты «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады.

Сонымен бірге, пара жеңіл атлетика спортшысы, бірнеше республикалық сайыстардың жеңімпазы Айсұлу Сүлейменоваға «Шапағат» медалі табысталып отыр.

Футболдан Ұлттық құрама мүшелері осыған дейінгі өткізген матчтарда жасыл алаңда өзіндік ойын өрнегін шеберлікпен көрсетіп, құраманы бірнеше рет жеңіске жетуге сүбелі үлес қосқан болатын. Соңғы рет Қазақстан футболшылары Финляндияға қарсы өткізген ойында Б.Зайнутдинов дубль жасап, қажетті үш ұпайды алуда шешуші рөл атқарған еді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам