Іс бойынша 2026 жылдың ақпан айында «Қызылжар» клубының бухгалтері Ольга Замелацкая сотталған
Петропавлдық «Қызылжар» клубының бұрынғы басшысы Григорий Лория Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне күдікті ретінде жауап беруге шақырылды.
Хабарламаға сәйкес, 72 жастағы Лория 2026 жылғы 5 қарашада сағат 15:00-де Петропавл қаласындағы департаментке келуі тиіс. Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы және 245-бабының 3-бөлігі бойынша күдікке қатысты құқықтық саралау жариялау жоспарланған.
Аталған баптар сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу, сондай-ақ салық төлеуден жалтару деректеріне қатысты.
Айта кетейік, осы іс бойынша 2026 жылдың ақпан айында «Қызылжар» клубының бухгалтері Ольга Замелацкая сотталған болатын. Сот оған жеті жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар клубтың пайдасына 70 миллион теңге, мемлекеттік кірістер органдарының пайдасына 287 миллион теңге және мемлекет кірісіне 10,6 миллион теңге өндіріп алу туралы шешім шығарылды.