«Қазақстанға барсын»: Ламин Ямаль Әзербайжанды Қазақстанмен шатастырып алды

Жеңімпаз қай матчқа бара алатыны туралы сұраққа жауап берген футболшы Қазақстанды атаған

Getty Images
Getty Images

«Барселона» мен Испания құрамасының шабуылшысы Ламин Ямаль жанкүйерлерге арналған сыйлық туралы айтып отырып, Қазақстан мен Әзербайжанды шатастырып алды..

Жарияланған видеода испаниялық футболшы көшеде кездескен адамдарға құлаққап таратып жүргені көрінеді. Сонымен қатар ол арнайы «алтын билет» дайындаған. Оның иегері Чемпиондар лигасының бір матчына екі билет пен Ямальдың қолтаңбасы қойылған бутсыға ие болады.

Жеңімпаз қай матчқа бара алатыны туралы сұраққа жауап берген футболшы Қазақстанды атаған.

«Егер бәрі менің қолымда болса, оларға Қазақстандағы матчқа билет беріп, сол жаққа жіберер едім. Қазақстанға барсын. Қазақстандағы матчты тамашаласын», – деді Ямаль.

Алайда «Барселонаның» ойын күнтізбесіне сүйенсек, футболшы Әзербайжанға сапарды меңзеген болуы мүмкін. Каталониялық клубтың Чемпиондар лигасы аясындағы келесі сырт алаңдағы кездесуі 25 қарашада Бакуде өтуі жоспарланған. «Барселона» Олимпиада стадионында «Сабах» командасымен кездеседі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам