Әлімханұлының Даниядағы жекпе-жегіне АҚШ пен Еуропадан жанкүйерлер барады

Даниядан бөлек 8 елдің тұрғындары билет сатып алған

әлеуметтік желі
әлеуметтік желі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен жеңіліп көрмеген дат боксшысы Якоб Бэнкс арасындағы чемпиондық жекпе-жекке халықаралық қызығушылық жоғары. 23 қаңтарда Данияның Хорсенс қаласында өтетін бокс кешіне әлемнің сегіз елінен жанкүйерлер келеді. 

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Даниядан бөлек, Швеция, Норвегия, Финляндия, Германия, Ұлыбритания, Румыния, Қазақстан және АҚШ тұрғындары да жекпе-жекке билет сатып алған.

Primetime Boxing промоутерлік компаниясы бұл халықаралық қызығушылық күткен деңгейден де жоғары болғанын атап өтті.

«Бокс жанкүйерлерінің Хорсенстегі жекпе-жекті тамашалау үшін мемлекеттік шекараларды кесіп өтуге, тіпті кейбірінің Атлант мұхитын басып өтуге дайын екеніне мақтанамыз әрі шын жүректен таңғалдық», – деді промоутерлік компания өкілдері.

Айта кетейік, бокс кешінің басты жекпе-жегінде Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) мен Якоб Бэнкс (20-0, 11 KO) орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасады. Кездесу 2027 жылғы 23 қаңтарда Данияның Хорсенс қаласындағы Forum Horsens аренасында өтеді.

Бұл чемпиондық белбеу британдық Хамза Шираз (24-0-1, 19 KO) титулдан ресми түрде бас тартқаннан кейін бос қалған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам