Андрей Демченко «Жеңістің» бас бапкері қызметіне қайта оралды
Астаналық «Жеңіс» футбол клубы украиналық маман Андрей Демченкомен келісімшарт жасасқанын ресми түрде жариялады. 50 жастағы жаттықтырушы 2027 жылғы маусымда команданы басқарады.
Клубтың баспасөз қызметі Антон Чичулин мен Олег Воскобойниковтың да бапкерлер штабындағы жұмысын жалғастыратынын хабарлады.
Демченко «Жеңісті» алғаш рет 2025 жылдың маусымында басқарған. Оның жетекшілігімен елордалық клуб барлық турнирде 17 матч өткізіп, сегіз рет жеңіске жетті, алты рет тең түсіп, үш кездесуде жеңілді. Сол маусымда команда Қазақстан Премьер-лигасын алтыншы орынмен аяқтады. 2025 жылдың желтоқсанында тараптар келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты әріптестікті тоқтатқан.
Кейін украиналық маман Әзербайжанның «Араз-Нахчыван» және Грузияның «Иберия 1999» клубтарын жаттықтырды. Соңғы командасымен бірге Конференция лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды. Алайда қыркүйек айының соңында клубтан кетті.
Еске салайық, «Жеңіс» 2026 жылғы Қазақстан чемпионатында 36 ұпай жинап, сегізінші орынға тұрақтады. Қазақстан кубогында жартылай финалға дейін жетті.