«Манчестер Юнайтед» бас бапкер Майкл Кэррикті қызметінен қуып, орнына Почеттиноны алды

Почеттино «МЮ-мен» алғашқы ойынын 22 қарашада өткізеді деп жоспарлануда

Getty Images
Getty Images

Маусымды өте сәтсіз бастаған «Манчестер Юнайтед» клубы бас бапкерін ауыстырды. Бұған дейін команданы жаттықтырған Майкл Кэррик отставкаға кетіп, оның орнына Маурисио Почеттино келді.

The Athletic басылымының жазуынша, аргентиналық маман мен «МЮ» арасындағы келісімшарт 2,5 жылға жоспарланған, яғни 2029 жылдың жазында аяқталады.

Қазіргі таңда Почеттино АҚШ құрамасының бас бапкері екені белгілі. Осы қызметінен мерзімінен бұрын бас тартуы үшін «Манчестер Юнайтед» Американың футбол федерациясына 10 миллион доллар көлемінде өтемақы төлейді.

Почеттиноның АҚШ-тан кететін туралы жұма күні ресми хабарланады деп күтілуде. Соған қарамастан ол КОНКАКАФ турнирі аясында болатын Гаитиге қарсы матчта Америка ұлттық құрамасын бастап шығады.

Майкл Кэррик «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері қызметінен 12 қарашада босатылды. Клуб биылғы АПЛ маусымында 10 матч өткізіп, оның тек біреуінде ғана жеңіске жеткен, төртеуінде жеңілген. Қазір небәрі сегіз ұпаймен турнир кестесінің 18-сатысында келед.

Почеттино «МЮ-мен» алғашқы ойынын 22 қарашада өткізеді деп жоспарлануда. Бұл күні манкуниандықтар сырт алаңда «Ливерпульге» қарсы матч өткізеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам