Бруно Фернандеш «Манчестер Юнайтедпен» келісімшартын ұзартудан бас тартты

Фернандеш «Манчестер Юнайтед» сапында 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді

Getty Images
Getty Images

«Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы – португалдық Бруно Фернандеш осымен екінші рет клубпен келісімшартын созудан бас тартты. Бұл туралы The Athletic басылымы жазған.

Екі тарап арасындағы келіссөздер биыл жазда басталған. Алайда, 32 жастағы Бруно болашағын Манчестермен байланыстырмайтын секілді. Қазіргі келісімшарт мерзімі 2027 жылы аяқталады. 

Фернандеш «Манчестер Юнайтед» сапында 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Биылғы маусымда ол АПЛ-де 9 матч өткізіп, төрт гол соқты және нәтижелі екі пас берді.

Клуб биылғы маусымды өте сәтсіз бастады. АПЛ-дегі 10 матчтың тек біреуінде ғана жеңіске жетсе, бес ойында тең ойнап, төрт рет жеңілген. Небәрі 8 ұпаймен турнирлік кестенің 18-сатысында келеді. Инсайдерлердің жазуынша, клуб қожайындары күні бүгін Майкл Кэррикті отставкаға жіберді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам