Өзбекстан құрамасы қақпасына қатарынан үш гол жіберіп, Ресейден жеңіліп қалды (ВИДЕО)

Ресейлік футболшылар небәрі 9 минутта қарсылас қақпасына үш гол соқты

Фото: РФС
Фото: РФС

Ташкентте Өзбекстан құрамасы Ресеймен жолдастық кездесу өткізіп, 2:3 есебімен жеңіліп қалды. 70-минутқа дейін өзбектер 2:0 есебімен алда тұрған. Алайда, небәрі он минутта өз қақпасыга үш гол жіберіп алды.

Матчтың бесінші минутында бұрыштамадан көтерілген допты Ресей қорғаушысы Мелехин өз қақпасына соғып алды. Ал, екінші тайм басталған тұста (46-минутта) Бехруз Каримов қарсыластың айып алаңындағы қарбаласты ұтымды пайдаланып, қақпашыны алдап кетті.

Ресей құрамасы 70-минутта есепті қысқарта алды. Шабуылшы Николай Комличенко өзбек қорғаушыларының қателігін голға айналдырса, 75-минутта ол дубль авторы атанды және таразы басын теңестірді. Бұл жолы да Өзбекстан қорғаушысы мен голкипері бірін-бірі түсінбей, дәл қақпаның алдында допты қарсыластың аяғына салып берді. Ал, 79-минутта Алексей Мирончук жеңіс голын соғып, Ресей жанкүйерлерін қуантты.

Енді Валерий Карпин шәкірттері 17 қарашада Венесуэламен жолдастық кездесу өткізеді. Ал, Өзбекстанды Катарда Сауд Арабиясы күтіп тұр.

Айта кету керек, РФ президенті Владимир Путин 2022 жылы Украинаға қарсы соғыс ашқаннан кейін ФИФА мен УЕФА Ресей құрамасын барлық жарыстардан шеттетті.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам