Қазақстан мен Молдова матчы және Амстердамдағы көшбасшылар шайқасы

13 қарашада Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының биылғы маусымындағы топтық кезеңде сырт алаңдағы соңғы кездесуін өткізеді

Olimpbet
Olimpbet

Olimpbet сарапшылары Ұлттар лигасы аясындағы Молдова – Қазақстан және Нидерланд – Грекия матчтарына болжам жасады.

УЕФА Ұлттар лигасы. С лигасы. 3-топ. Бесінші тур.
Молдова – Қазақстан. 13 қараша, 22:00 (Астана уақытымен)

Жұма, 13 қараша күні Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының қазіргі маусымындағы топтық кезеңде сырт алаңдағы соңғы ойынын өткізеді.

Olimpbet сарапшылары бұл кездесуде айқын фаворит жоқ деп есептейді. Дегенмен алаң иелеріне аздаған басымдық беріп отыр.

Турнирлік жағдай

С дивизионының үшінші тобында Словакия құрамасының бірінші орын алуына енді ештеңе кедергі бола қоймайтын сияқты. Ал Фарер аралдары мен Молдова құрамалары төрт ұпайдан жинап, екінші және үшінші орындарды бөлісіп тұр.

Қазақстан құрамасы екі ұпаймен турнирлік кестенің соңғы сатысында орналасқан. Соған қарамастан, «қаршығалар» топты екінші орынмен аяқтау мүмкіндігін әлі де сақтап отыр.

Алайда ол үшін Джон ван ’т Схип шәкірттері қалған екі матчта міндетті түрде жеңіске жетіп қана қоймай, Фарер аралдары құрамасының ұпай жоғалтуына үміт артуы керек.

Статистика

Бір қызығы, алғашқы төрт турда Қазақстан құрамасы молдовалықтарға қарағанда көбірек гол соққан (5:3) және өз қақпасына азырақ доп жіберген (7:8).

Біздің құрама допқа иелік ету көрсеткіші бойынша да алда – 53,75%-ға қарсы 45,75%.

Ал бұрыштама доптар саны жағынан екі команда тең түсіп тұр. Екеуі де бір матчта орта есеппен 5,5 бұрыштама орындайды.

Дегенмен қақпаға бағытталған соққылар саны бойынша Молдова басым (15,25-ке қарсы 14). Қақпаға дәл тиген соққылар көрсеткішінде де алаң иелері алда – 4,5-ке қарсы 3.

Тәртіп көрсеткіштері

Молдова футболшылары ережені жиірек бұзады. Олар бір матчта орта есеппен 12,25 рет фол жасаса, қазақстандықтардың көрсеткіші – 11,25.

Алайда сары қағаз саны жағынан Қазақстан құрамасы алда – 7-ге қарсы 3.

Сонымен қатар біздің құраманың бір ойыншысы алаңнан қуылған. Сергей Малый Фарер аралдарына қарсы өз алаңымызда өткен кездесуде қызыл қағаз алған болатын.

Ал Молдова құрамасының футболшылары арасында әзірге алаңнан қуылғандар жоқ.

Өзара кездесулер тарихы

Молдованы Қазақстан үшін ыңғайлы қарсылас деп айту қиын. Екі құраманың өзара ойындарындағы көрсеткіш біздің команданың пайдасына емес: төрт жеңіліс, үш жеңіс және бір тең нәтиже.

Қазақстан құрамасы үш ресми кездесудің тек біреуінде ғана жеңіске жеткен. Дегенмен бұл жеңіс 2022 жылы дәл Ұлттар лигасында, Молдованың өз алаңында тіркелген еді.

Ал қазіргі турнирдің алғашқы айналымында Қазақстан өз алаңында молдовалықтарға 1:2 есебімен жол берді.

Командалар құрамындағы жағдай

Қазақстан құрамасына Дастан Сәтпаев әлі де көмектесе алмайды. 18 жастағы шабуылшы бұлшық ет жарақатынан кейін қалпына келу кезеңінен өтіп жатыр.

Алаң иелерінің де құрамында шығын бар. Молдова сапындағы шабуылшы Ион Николаеску мен жартылай қорғаушы Михаил Каймаков жарақатына байланысты матчқа қатыса алмайды.

Қорытынды болжам

Olimpbet сарапшылары Кишиневтегі кездесудің нәтижелі болатынына аса сенбейді. Олардың пікірінше, бұл матчта гол саны аз болады.

Сондай-ақ бұрыштама доптардың жалпы саны тоғызға жетпейді деп болжанып отыр. Бұл көрсеткіш бойынша алаң иелері фаворит саналады.

А лигасы. 2-топ.

Нидерланд – Грекия. 14 қараша, 00:45

Осы күні Амстердамда да аса қызықты кездесу өтеді. Элиталық дивизионның екінші тобында өнер көрсететін Нидерланд пен Грекия құрамалары өзара күш сынасады.

Olimpbet сарапшылары бұл матчта алаң иелерін айқын фаворит деп есептейді. Олардың бағалауынша, нидерландтықтардың жеңіске жету мүмкіндігі гректерге қарағанда шамамен төрт есе жоғары.

Турнирлік жағдай

Екі құрама да Ұлттар лигасының қазіргі маусымында әлі жеңілген жоқ. Екеуінің еншісінде сегіз ұпайдан бар және олар өз тобында көш бастап тұр.

Тіпті соғылған және жіберілген голдар айырмашылығы да бірдей – плюс екі.

«Қызғылт сары» құрама қарсыласына қарағанда көбірек гол соққанының арқасында ғана турнирлік кестеде бірінші орында орналасқан.

Осылайша Йохан Кройф атындағы аренада өтетін кездесудің жеңімпазы турнирдің плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алады.

Статистика

Нидерланд құрамасы қарсыластарының қақпасына жеті гол соқса, Грекия бес рет мергендік танытқан.

Есесіне гректер өз қақпасына азырақ гол жіберген – үш. Ал нидерландтықтар бес гол өткізіп алған.

Басқа негізгі статистикалық көрсеткіштердің барлығында дерлік «ұшатын голландиялықтар» «қарақшылар кемесінен» басым.

Нидерланд құрамасы бір матчта орта есеппен қақпаға 20,75 соққы жасайды. Грекияның көрсеткіші – 11,75.

Қақпаға дәл бағытталған соққылар саны бойынша да нидерландтықтар алда – 7-ге қарсы 4.

Бұрыштама доптар көрсеткіші 7,5-ке қарсы 3,75 болса, допқа иелік ету үлесі 64,5%-ға қарсы 36%-ды құрайды.

Тәртіп көрсеткіштері

Грекия футболшылары осы уақытқа дейін он сары қағаз алған.

Ал Нидерланд құрамасының ойыншыларына төрешілер алты рет ескерту жасаған.

Ұлттар лигасының 2026/28 жылғы маусымында екі құраманың да футболшылары әзірге қызыл қағаз алған жоқ.

Өзара кездесулер тарихы

Екі құраманың өзара кездесулер статистикасы Грекия үшін көңіл көншітпейді.

Гректер Нидерландты небәрі бір рет жеңген. Екі кездесу тең аяқталса, тоғыз ойында нидерландтықтар басым түскен.

Ресми матчтардағы жағдай Грекия үшін одан да күрделі. Олар Нидерланд құрамасын әлі бірде-бір рет жеңе алмаған. Алты рет жеңіліп, екі мәрте тең түскен.

Дегенмен қазіргі Ұлттар лигасының алғашқы айналымында, 1 қазанда Салоникиде өткен кездесу тең нәтижемен аяқталған болатын.

Қорытынды болжам

Olimpbet сарапшылары Амстердамдағы матчта гол көп болады деп күтеді.

Олардың пікірінше, алаң иелері қарсылас қақпасына кемінде екі гол соғады.

Ал бұрыштама доптардың саны көп болмайды деп болжануда. Сарапшылар матчта тоғыздан артық бұрыштама орындалмайды деп есептейді.

Бұл статистикалық көрсеткіш бойынша да Нидерланд құрамасына айтарлықтай басымдық беріліп отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам