Olimpbet сарапшылары Ұлттар лигасындағы Испания – Англия және Бельгия – Италия матчтарына болжам жасады
УЕФА Ұлттар лигасы. А лигасы. Алтыншы тур. 3-топ.
Испания – Англия. 16 қараша, 00:45 (Астана уақытымен)
Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы тур футбол жанкүйерлеріне бірнеше тартысты кездесу ұсынады. Солардың ішіндегі ең қызықтысы, әрине, 2026 жылғы әлем чемпионатының жүлдегерлері – әлем чемпионы Испания мен мундиальдің қола жүлдегері Англия арасындағы текетірес болмақ.
Olimpbet сарапшылары бұл кездесуде «қызыл фурияны» айқын фаворит деп есептейді. Олардың пікірінше, алаң иелерінің жеңіске жету мүмкіндігі қонақтарға қарағанда үш есеге жуық жоғары.
Турнирлік жағдай
Екі құрама да Ұлттар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы ширек финалға шығу мәселесін шешіп қойған. Алайда бұл олардың өзара кездесуге деген ынтасы төмен болады деген сөз емес.
Испания құрамасы бес матчтың барлығында жеңіске жетіп, топта жеке-дара көш бастап тұр. Дегенмен испандықтар плей-офф жеребесінде белгілі бір артықшылық беретін бірінші орынды әлі толық қамтамасыз еткен жоқ.
Англия пиренейліктерден үш ұпайға қалып келеді. Бірақ ағылшындардың соғылған және жіберілген голдар айырмашылығы жақсырақ.
Сондықтан ФИФА рейтингінде көш бастап тұрған Испанияны кез келген есеппен жеңу Англия құрамасына үшінші топты бірінші орынмен аяқтауға мүмкіндік береді.
Статистика
Бұл екі құрама Ұлттар лигасының жоғары дивизионындағы қазіргі маусымның ең нәтижелі командалары саналады.
«Үш арыстан» 16 гол соқса, «қызыл фурияның» еншісінде 14 гол бар. Сонымен қатар ағылшындар испандықтарға қарағанда өз қақпасына азырақ доп жіберген – 4-ке қарсы 5.
Қалған негізгі статистикалық көрсеткіштер бойынша да екі қарсыластың деңгейі шамалас.
Луис де ла Фуэнте жаттықтыратын Испания құрамасы бір матчта орта есеппен қақпаға 17,2 соққы жасайды. Англияның көрсеткіші – 16,6.
Қақпаға дәл бағытталған соққылар саны бойынша да испандықтар сәл басым – 6-ға қарсы 5,8.
Допқа иелік ету көрсеткішінде де «қызыл фурия» алда – 63,6%-ға қарсы 58,6%.
Ал бұрыштама доптар саны жағынан екі құрама тең түсіп тұр. Екеуі де бір матчта орта есеппен алты бұрыштама орындайды.
Тәртіп көрсеткіштері
Испания мен Англия құрамалары дөрекі ойын көрсететін командалардың қатарына жатпайды.
Өткен бес турда екі команданың футболшылары барлығы 11 сары қағаз алған. Оның алтауы испандықтарға, бесеуі ағылшындарға тиесілі.
Екі құраманың да ойыншылары әзірге алаңнан қуылған жоқ.
Өзара кездесулер тарихы
Бұл көрсеткіш бойынша да екі қарсыластың нәтижелері бір-біріне өте жақын.
Жалпы өзара кездесулер статистикасында Англия құрамасы аздаған басымдыққа ие. Ағылшындар 13 рет жеңіске жетсе, испандықтар 12 мәрте басым түскен. Тағы төрт кездесу тең аяқталған.
Алайда соңғы он матчтың нәтижелері Испанияның пайдасына шешілген.
«Үш арыстан» осы кездесулердің тек екеуінде жеңіске жеткен. Ал «қызыл фурия» жеті рет басым түсіп, бір ойын тең аяқталған.
Ұлттар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы алғашқы айналымда сырт алаңда өткен кездесу де қазіргі әлем чемпиондарының жеңісімен аяқталды – 3:2.
Командалар құрамындағы жағдай
Алаң иелеріне жарақат алған Родри мен Дани Ольмо көмектесе алмайды.
Дегенмен Испания құрамасы үшін жақсы жаңалық та бар. Чехияға қарсы кездесуге қатыспаған Ламин Ямаль мен Микель Оярсабаль Англиямен болатын матчқа дайын.
Қонақтардың құрамындағы шығын бұдан да көп.
Коул Палмер, Нони Мадуэке, Букайо Сака және Марк Гехи Мадридке барған жоқ.
Ал Эзри Конса мен Джед Спенстің алдағы кездесуге қатысуы әзірге белгісіз.
Қорытынды болжам
Olimpbet сарапшылары Мадридтегі «Метрополитано» стадионында өтетін матчтың нәтижелі болатынына күмән келтірмейді.
Олардың болжамынша, Испания құрамасы кемінде екі гол соғады. Сондай-ақ алаң иелері бірінші таймның өзінде есеп ашуы ықтимал.

А лигасы. 1-топ.
Бельгия – Италия. 16 қараша, 00:45
Турнирлік маңызы жағынан жексенбі күнгі А лигасының басты кездесуі Брюссельде өтеді. Онда бірінші топта өнер көрсететін Бельгия мен Италия құрамалары өзара күш сынасады.
Olimpbet сарапшылары бұл жұпта алаң иелеріне басымдық беріп отыр. Олардың пікірінше, бельгиялықтардың қарсылас қақпасына кемінде екі гол соғуға мүмкіндігі бар.
Турнирлік жағдай
Бесінші турда Италия құрамасының Францияны 3:1 есебімен жеңуі топтағы тартысты барынша күшейтті.
«Скуадра адзурра» бірінші орынға көтеріліп, ұпай саны тең болғанымен, қосымша көрсеткіштер бойынша француздардан озып тұр.
Ал «қызыл сойқандар» көшбасшы екі құрамадан небәрі бір ұпайға қалып келеді.
Бір қызығы, осы үш команданың ішінде плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігі ең төмені – Италия.
Бельгия өз алаңында Италияны қабылдайды. Бұл кездесудегі кез келген есеппен тіркелген жеңіс бельгиялықтарға ширек финал жолдамасын алып береді.
Ал Франция құрамасына дәл осындай мақсатқа жету үшін өз алаңында топтың аутсайдері Түркиямен тең ойнаудың өзі жеткілікті.
Статистика
Италия құрамасының шабуылы Бельгияға қарағанда нәтижелірек. Итальяндықтар 11 гол соқса, бельгиялықтардың еншісінде сегіз гол бар.
Ал екі команда да өз қақпасына алты доптан жіберген.
Төрт дүркін әлем чемпиондары қақпаға бағытталған соққылар саны бойынша аздаған басымдыққа ие. Италия бір матчта орта есеппен 14,4 соққы жасаса, Бельгияның көрсеткіші – 13,4.
Есесіне 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалистері қақпаға дәл бағытталған соққылар саны бойынша алда – 5,6-ға қарсы 5,4.
Допқа иелік ету көрсеткішінде де бельгиялықтар сәл басым – 44%-ға қарсы 43,4%.
Ал бұрыштама доптар саны жағынан екі құрама тең. Екеуі де бір матчта орта есеппен 3,4 бұрыштама орындайды.
Тәртіп көрсеткіштері
«Қызыл сойқандар» осы уақытқа дейін 14 сары қағаз алған. Бұл бір матчқа орта есеппен 2,8 ескертуден келеді.
Ал «скуадра адзурра» футболшыларына 11 рет сары қағаз көрсетілген. Олардың орташа көрсеткіші – 2,2.
Ұлттар лигасының 2026/27 жылғы маусымында Бельгия мен Италия құрамаларының ешбір ойыншысы әзірге қызыл қағаз алған жоқ.
Өзара кездесулер тарихы
Екі құраманың өзара кездесулер статистикасында Италия айтарлықтай басымдыққа ие.
Осы уақытқа дейін өткен 27 матчта итальяндықтар 17 рет жеңіске жеткен. Бес кездесуде жеңіліп, тағы бес ойында тең түскен.
Дегенмен соңғы өзара кездесу Бельгия құрамасының пайдасына шешілді.
Ұлттар лигасының қазіргі маусымындағы алғашқы айналымда бельгиялықтар Римде Италияны 2:0 есебімен жеңген болатын.
Қорытынды болжам
Olimpbet сарапшылары Брюссельдегі кездесудің нәтижелі болатынына сенімді.
Олардың пікірінше, екі команда да қарсылас қақпасына гол соғады.
Ал матчта гол соғуы ең ықтимал футболшы ретінде алаң иелерінің тәжірибелі шабуылшысы Ромелу Лукаку аталып отыр.