Испаниялық футболшы Каталонияда қалып, тынығуды жөн көрген
«Барселона» шабуылшысы Ламин Ямаль «Сабахқа» қарсы матчқа қатысу үшін командасымен бірге Әзербайжанға аттанбайды. Испаниялық футболшы Каталонияда қалып, тынығуды жөн көрген.
Дереккөздің мәліметінше, мұндай шешім жас ойыншының толық қалпына келуіне қосымша уақыт беру мақсатында қабылданған. Осылайша, Ямаль алдағы кездесуде каталондық клубқа көмектесе алмайды.
Команда үшін маңызды ойыншылардың бірі саналатын шабуылшының болмауы «Барселона» сапына әсер етуі мүмкін. Әзербайжанда өтетін матчта бапкерлер штабы оның күшін келесі ойындарға сақтауды көздеп отыр.
Айта кетейік, Баку клубы «Сабах» сапында Қазақстан құрамасының қақпашысы Станислав Покатилов өнер көрсетеді.