«Челси» Хаби Алонсоны қызметінен босатуға қатысты шешім қабылдады

Ағылшын Премьер-лигасының соңғы төрт турында лондондықтар үш рет жеңіліс тапты

Alex Grimm / Getty Images
Alex Grimm / Getty Images

Лондондық «Челси» клубының басшылығы бас бапкер Хаби Алонсоны қызметінен босатуды әзірге жоспарлап отырған жоқ. Команданың соңғы нәтижелеріне наразы жанкүйерлердің сынына қарамастан, клуб испаниялық маманға жағдайды түзетуге мүмкіндік бермек.

Daily Mail басылымының хабарлауынша, «Челси» басшылығы бапкермен арадағы келісімді бұзуға асықпайды. Клуб Алонсоға өз жұмысын жалғастырып, команданың нәтижесін жақсарту үшін уақыт беруге ниетті.

Ағылшын Премьер-лигасының соңғы төрт турында лондондықтар үш рет жеңіліс тапты. «Сандерлендке» (0:1), «Тоттенхэмге» (0:2) және «Лидске» (1:4) есе жіберді. Ал осы аралықта тек «Манчестер Юнайтедті» (2:0) жеңе алды.

Қазіргі уақытта «Челси» АПЛ турнирлік кестесінде 16 ұпаймен сегізінші орында тұр. Келесі турда Хаби Алонсо шәкірттері «Ноттингем Форестпен» кездеседі.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам