«Челси» қазақстандық футболшыға жаңа клуб іздеуге кірісе ме?
«Әл-Наср» сапында ол 2023 жылдан бері өнер көрсетіп келеді
«Әл-Насрдың» бұрынғы ойыншысы Хусейн әл-Сулеймани португалдық даңқты футболшы, саудиялық клубтың қазіргі шабуылшысы Криштиану Роналдуды сынға алды.
Оның сөзінше, Роналду бұрынғы бабында емес, соның салдарынан өзге ойыншыларға кедергісін келтіріп келеді.
«Роналду – ұлы ойыншы. Бірақ ол бұрынғыдай бабында емес. «Әл-Насрға» қазір өзі қауіпті шабуыл ұйымдастыра алатын, гол соға алатын шабуылшы керек. Жай 90 минут алаңда жүріп беретін ойыншы қажет емес. Өкінішке қарай, ешкім оның бетіне барып мұны айта алмайды, өйткені жанкүйерлерден қорқады. Шындығында, ол клубқа тек кедергісін келтіріп отыр», - деп мәлімдеді әл-Сулеймани. Оның сөзін Kooora басылымы жариялады.
Еске салайық, 41 жастағы Роналду Португалия құрамасының бас бапкерімен де жанжалдасып, ақыры командадан кетіп қалды. «Әл-Наср» сапында ол 2023 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Келісімшарт мерзімі 2027 жылдың жазында аяқталады.