«Челси» қазақстандық футболшыға жаңа клуб іздеуге кірісе ме?
Кезінде ол француз комедиясы «Астерикс және Обеликс» фильмінде Рим жауынгері Антивирустың ролін сомдаған еді
Даңқты швед футболшысы Златан Ибрагимович мансабын аяқтағаннан кейін Голливудты бағындыруға кірісті. Ол америкалық әйгілі режиссер Гай Риччидің «Гангстерленд» (MobLand) сериалына түсіп жатыр деп хабарлады The Sun басылымы.
Тележоба Лондондағы қылмыстық топтардың текетіресін баяндайды. Златан болса осы криминалды ортаның өкілі – жағымсыз кейіпкерді сомдайды. Телесериалдағы басты рольдер танымал актерлар Том Харди, Пирс Броснан және Хелен Мирренге бұйырыпты.
Златан Ибрагимович футболшы кезінде де киноға түсіп үлгерген. Ол француз комедиясы «Астерикс және Обеликс» фильмінде Рим жауынгері Антивирустың ролін сомдаған еді.
Златан 2023 жылы мансабын аяқтап, өзі ойнаған «Милан» футбол клубының қатарында қызметте қалды. Қазір ол клуб басшылығының кеңесшісі.