Дастан Сәтпаевтың командасы 8 ойын қатарынан жеңіске жете алмай келеді

Telegram WhatsApp

17 турдан кейін 11 ұпай жинаған «Бернли» турнир кестесінде 23-орында тұр

ФК “Бернли”
ФК “Бернли”

Англия Чемпионшипінің 17-турында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев өнер көрсететін «Бернли» өз алаңында «Бирмингем Ситиден» 0:2 есебімен есе жіберді.

Қонақтар 7-минутта Аугуст Прискенің голымен есеп ашты. Екінші таймның басында (52-минут) Джейдон Банель өз қақпасына доп салып, «Бирмингемнің» басымдығын арттырды. 87-минутта қонақтар сапынан Демарай Грей пенальтиді дәл орындай алмады.

Дастан Сәтпаев бұл кездесуге қатысқан жоқ, өтінімге де енбеді. Бұған дейін команданың бас бапкері Фабио Челестини қазақстандық шабуылшының жарақатынан айығу үшін «Челсиге» оралғанын хабарлаған еді.

17 турдан кейін 11 ұпай жинаған «Бернли» турнир кестесінде 23-орында тұр. Ал 32 ұпайы бар «Бирмингем Сити» төртінші сатыға жайғасты.

Осылайша Сәтпаевтың командасы қатарынан сегіз матч бойы жеңіске жете алмай келеді: бұл аралықта «Бернли» төрт рет ұтылып, төрт мәрте тең түсті.

Пікірлер

Жүктелуде…

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 32 313 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 59 128 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 382 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 318 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 532 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 582 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 287 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 173 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 300 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 838 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 502 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 341
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
12
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Бетис
12
6
Арсенал
11
7
Манчестер Сити
10
8
Боруссия (Дортмунд)
10
9
Астон Вилла
9
10
Ливерпуль
9
11
Брюгге
9
12
Спортинг (Лиссабон)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›