«Челси» қазақстандық футболшыға жаңа клуб іздеуге кірісе ме?
Белгісіз қарулы адамдар футболшыны нысанаға алып, оқ жаудырған
Мексиканың Ирапуато қаласында орналасқан «Эстрелья» футбол алаңында әуесқой командалар арасындағы матч кезінде қарулы шабуыл жасалып, 26 жастағы футболшы Луис Альберто Риос Чавес қаза тапты.
Қайғылы оқиға 22 қарашада Лас-Делисиас ауданындағы спорт кешенінің аумағында болған. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз қарулы адамдар футболшыны нысанаға алып, оқ жаудырған. Оқиға салдарынан тағы бір ер адам жарақат алды, алайда оның қазіргі жағдайы туралы әзірге нақты ақпарат жоқ.
«Эль Море» лақап атымен танымал болған Луис Чавес «Арандас» клубында өнер көрсеткен, сондай-ақ бұған дейін Мексика чемпионатының үшінші дивизионындағы командаларда ойнаған. Бұдан бөлек, марқұм «Лорос» (Academia de Fútbol Loros) футбол академиясында жаттықтырушы болып қызмет еткен.