Ол қазір Сауд Арабиясында ойнап жүр
«Әл-Наср» клубының және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду спорттық мансабын өз отанында аяқтауды жөн санап отыр.
39 жастағы футболшы соңғы клубы ретінде «Спортингті» таңдағысы келетінін жасырмады.
«Мен футболдағы мансабымды «Спортингте» аяқтағым келеді. Осы клубта тіпті, бір ғана маусым ойнасам да бір пайдамды тигізіп кетсем деймін. Өйткені, олар мені тапты, тәрбиеледі. Егер «Спортинг» болмаса мен бәлкім қазір «Макдональдсте» жұмыс істеп жүрер едім», - деді Роналду TCR-ге берген сұхбатында.
Айта кетейік, Роналду португалдық клубқа ауысқысы келетінін бұдан бірнеше жыл бұрын да айтқан. Ол «Спортинг» сапында 1997-2003 жылдар аралығында ойнады.