Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Қайрат Боранбаев Магомед Адиевке қатысты пікірін айтты

29.03.2024, 15:19

Қазақстан құрамасы соңғы екі матчта жеңіліп қалды

Қайрат Боранбаев Магомед Адиевке қатысты пікірін айтты
Фото ашық дереккөзден

«Қайрат» ФК Бақылаушылар кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиевке қатысты өз пікірін айтты. Соңғы екі матчта ұлттық құрама жеңілгеннен кейін бапкердің отставкасына қатысты әңгімелер айтыла бастады.

«Қазақстанның бас бапкері орнында қалуы керек деп ойлаймын. Ол команданы жақсы біледі, Ұлттар лигасына дейін тағы бір мүмкіндік беруіміз қажет», - деді Қ.Боранбаев Business fm болған подкаст барысында.

Айта кетейік, Магомед Адиев Қазақстан құрамасын 2022 жылдан бері жаттықтырып келеді. Оның басшылығымен ұлттық команда Ұлттар лигасының топтық кезеңінде жеңіске жетіп, Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде жолдама үшін соңына дейін күресті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам