Ақтөбеліктерге екі жыл қатарынан ҚПЛ жүлдесін әперген маманмен келісімшарт үзілген
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев қос қызметті қатар алып жүруі мүмкін. Оған «Ақтөбе» клубына жаттықтырушы болу ұсынылуда.
«Магомед Мусаевич қазір қос қызметті қатар алып жүрудегі туындауыц мүмкін проблемаларды қарастырып жатыр», - деп жазылған «ЖаркоВштрафной» телеграм-каналында.
Адиевтің қандай шешімге келетіні, әрине қазір белгісіз. Белгілісі, «Ақтөбе» футбол клубын енді Андрей Карпович жаттықтырмайды, онымен келісімшарт үзілген. Маман ақтөбелік командаға екі жыл қатарынан ҚПЛ жүлдесін алып берді.