«Алтын допты» сегізінші рет жеңіп алған Месси футболдан жақын уақытта кетпейтінін айтты

31.10.2023, 10:31

Футболшының жасы қазір 36-да

«Алтын допты» сегізінші рет жеңіп алған Месси футболдан жақын уақытта кетпейтінін айтты
Чемпионат.ру

Аргентина ұлттық құрамасының және америкалық «Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси сегізінші рет «Алтын доп» иегері атанды.

36 жастағы футболшы жақын уақытта футболды тастап кеткісі келмейтінін де мәлімдеп отыр. Бастысы, денсаулық сыр бермесе болды дейді ол.

«Футболды өте ұзақ ойнағым келеді. Нақты қашан тастайтынымды білмеймін, барлығы менің денсаулығыма байланысты. Күннен күнге жасарып жатқан жоқпын. Бірақ, бұл сәттер ұзаққа созылса екен деймін», - деді даңқты футболшы BBC телеарнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, футбол тарихында бұрын-соңды ешкім сегіз рет «Алтын доп» иегері атанбаған. Месси бұл жүлдені 2009, 2010, 2011, 2012, 2015, 2019, 2021 және 2023 жылдары жеңіп алған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Жаңа Подкаст! / Қазақ баласы қашан NHL-да ойнайды?