Біздің Telegram-ға жазылсаң, ақша ұта аласың! Сыйақы 5000 теңге! 👉

Магомед Адиев «Ахматқа» жалғыз кетпей, Қазақстан құрамасы бапкерлерін ала кеткен

07.04.2024, 13:25

Ол екі ұжымда қатар жұмыс істемек

Магомед Адиев «Ахматқа» жалғыз кетпей, Қазақстан құрамасы бапкерлерін ала кеткен
ҚФФ

Жуырда ғана Грозныйдың «Ахмат» клубына бас бапкер болып тағайындалған Магомед Адиев жаңа қызметке командасымен бірге ауысқан. Бұл туралы «Ахматтың» баспасөз қызметінің ақпаратынан белгілі болды.

Атап айтқанда, Адиевтің командасына Руслан Балтиев (аға бапкер), Евгений Коструб (бапкер) және Ерлан Ибраим (физикалық дайындыққа жауапты бапкер) кірген. Үшеуі де Қазақстан құрамасының бапкерлер командасында жұмыс істейді. Сондай-ақ, Адиевтің өзі де «Ахматпен» бірге біздің ұлттық құраманы да жаттықтыратын болады.

Айта кетейік, Грозныйдың клубы РПЛ-де сәтті өнер көрсетіп жатқан жоқ. 21 турдан кейін 20 ұпай жинаған шешендер турнир кестесінің 12-сатысында келеді.

Футболдан әлемнің ең қызықты чемпионаттарын, соның ішінде Испания, Италия, Германия және Франция біріншілігін FONBET өз клиенттері үшін тегін көрсетеді. Егер тіркелмеген болсаңыз, қазір уақыты келді: 1bol промокоды арқылы тіркелген жаңа клиенттің әрбіріне 200 000 теңге бонус беріледі.
http://www.fonbet.kz/s/gAiU3i

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам