Сондай-ақ, «Елім-ай» мен «Тұран» да ҚПЛ-де доп тебеді
Астаналық «Жеңіс» футбол клубы Бірінші лиганың 30-туры аясында «Оңтүстік» командасын өз алаңында қабылдап, 4:0 есебімен жеңіске жетті.
«Жеңіс» сапынан Тамаз Макацария хет-трик авторы атанса, төртінші голды Артем Черединов соқты.
Осылайша, 60 ұпай жинаған астаналық команда араға 16 жыл салып жоғары дивизионға, яғни Премьер-лигаға көшті. Онымен бірге Семейдің «Елім-айы» мен Түркістанның «Тұраны» да осы лигада доп тебетін болды.
Айта кету керек, «Жеңіс» өз заманында Қазақстанның үш рет чемпионы болған.