Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Кришитиану Роналду Мессидің сегізінші «Алтын добына» күлкімен жауап берді

31.10.2023, 23:41

Роналдудың өзі аталған трофейді 5 рет жеңіп алған

Кришитиану Роналду Мессидің сегізінші «Алтын добына» күлкімен жауап берді
Vesti.kz

Португалиялық даңқты футболшы Криштиану Роналду Лионель Мессидің сегізінші рет «Алтын доп» алғанына күлкімен жауап берді. Атап айтқанда, Instagram әлеуметтік желісінде аргентиналық шабуылшының кезекті жүлдесі туралы болжам материал астына Роналду күліп тұрған эмодзи қалдырған.

Португалдық шабуылшының нақты неге күлгені белгісіз, ол спорт сарапшысының болжамын келеке етті ме, әлде Мессидің тағы да «Алтын доп» иеленгенін мазақ қылды ма – ол жағы тек өзіне аян.

Айта кетейік, аргентиналық жартылай қорғаушы Лионель Месси жылдың ең үздік футболшысына берілетін «Алтын допты» 2009, 2010, 2011, 2012, 2015, 2019, 2021 және 2023 жылдары иеленді.

Ал, Криштиану Роналду болса бұл титулды бес рет алған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам