Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Қазақстан кубогінің ширек финалына шыққан командалар толығымен анықталды

14.04.2024, 18:57

Ширек финал ойындары 8 мамырға жоспарланған

Қазақстан кубогінің ширек финалына шыққан командалар толығымен анықталды
Елімай ФК

Футболдан Қазақстан кубогінің 1/8 финал ойындары толығымен аяқталды. Кешегі төрт жеңімпаздың қатарына бүгін тағы төртеуі қосылды.

Шымкенттің «Ордабасы» клубы «Оңтүстік дербиінде» көршілес «Тараз» командасын жеңді. Бұл ойында шымкенттік команда сапынан Режиналду – 36, Еркебұлан Тұңғышбаев 37-минутта гол соғып, командасын жеңіске жетеледі. 

Ал Петропавлдың «Қызылжар» клубы бірінші лигадағы «Оңтүстік академия» жастарынан басым түсті. Негізі ойын барысында Диас Донбай 27-минутта «Оңтүстік академияны» алға шығарған еді. Дегенмен, екінші таймда «Қызылжар» бірнеше шабуыл ұйымдастырып, өз діттегеніне жетті. Петропавл командасынан Мәди Хасейін мен Рубен Бриджидо мергендік танытты.

Премьер-лиганың дебютанты Семейдің «Елімай» клубы Қарағандының «Шахтерінің» осал тұсын тапты. Бірінші тайм тең аяқталды. Ал екінші кезеңде «Елімай» сапынан Шина есеп ашқан. Бірақ қарсылас та қарап қалмай, Дмитрий Бачек 73-минутта таразы басын теңестірді. Алайда «Елімай» бәрібір жеңісті жұлып алды. Шешуші голды «Шахтердің» түлегі Иван Свиридов бұрынғы командасының қақпасына салды. Қорытынды есеп – 2:1.

Сол секілді «Ақтөбе» де үздік сегіздіктің қатарынан табылды. Дмитрий Парфенов шәкірттері Талдықорғанның «Жетісу» клубын жеңді. Матч 1:0 есебімен аяқталды.

Осылайша, ширек финалға шыққан 8 команда анықталды.

Ширек финалдың жұптары:

«Тобыл» - «Астана»

«Атырау» - «Қайрат»

«Ордабасы» - «Ақтөбе»

«Елімай» - «Қызылжар».

Ширек финалдың ойындары 8 мамырға жоспарланған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам