Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

«Әлемдік футболдағы жаңа Роналду»: Каземиро Мбаппеге өз бағасын берді

19.04.2024, 15:14

Француз ойыншысы биыл «Реалға» ауысуы мүмкін

«Әлемдік футболдағы жаңа Роналду»: Каземиро Мбаппеге өз бағасын берді
Getty Images

«Манчестер Юнайтед» қорғаушысы Каземиро қазіргі таңда ең үздік футболшының кім екенін атады.

«Мбаппе — біздің ғаламшардағы ең үздік ойыншы немесе солардың бірегейі. Өте жылдам, ақылды. Француздың бірнеше ойында бәрін мінсіз жасайтынын көрдім. Бізге қарсы кездесуде ол керемет ойын өткізді: жылдам әрі ақылды. Бұл жағынан оны Криштиану Роналдуға ұқсатамын. 38 жасында 50 гол соққан тағы кімді көрдіңіз? Криштианудың футболда жасаған әрекеті әлі де лайықты бағасын ала алмай келеді», – деді Каземиро El Chiringuito-ға берген сұхбатында.

Бұған дейін 2024 жылғы ақпанның алғашқы аптасында Мбаппенің «Реалмен» келісімшартқа отырғаны туралы мәлім болған. Transfermarkt оның құнын 180 млн еуроға бағалап отыр.

Биылғы маусымда француз 42 матчта 41 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.

Ал Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубында өнер көрсетеді. 39 жастағы шабуылшы барлық турнирдегі 37 ойында 36 гол соғып, 12 нәтижелі пас берген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам