Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Нұралы Әліп Ресейдің ең үздік футболшысы атануы мүмкін

23.04.2024, 19:00

Жеңімпаздар мамырдың аяғында анықталады

Нұралы Әліп Ресейдің ең үздік футболшысы атануы мүмкін
Зенит ФК

«Зениттің» қазақстандық қорғаушысы Нұралы Әліп Ресей премьер-лигасындағы үздік ойыншы атағына үміткер 100 футболшының қатарына енді.

Лиганың ресми сайты таратқан мәліметке сәйкес, жүздіктің қатарына 2023/24 маусымының қорытындысы бойынша 10 қақпашы, 30 қорғаушы, 30 жартылай қорғаушы мен 30 шабуылшы енген.

Үздіктерді анықтау үш кезеңнен тұрады: журналистер мен блогерлердің дауыс беруі (22-30 сәуір), жанкүйерлердің дауыс беруі (2-13 мамыр) және сарапшылардың дауыс беруі (15-24 мамыр).

«РПЛ батырлары» сыйлығын табыстау рәсімі 2024 жылғы 26 мамырда Мәскеуде өтеді.

Биылғы маусымда Нұралы Әліп «Зенит» сапында 20 матчқа қатысты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам