Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

«Ордабасының» бас бапкері отставкаға кететінін хабарлады

23.04.2024, 19:28

Соңғы матчта шымкенттік клуб «Қызылжармен» тең ойнады

«Ордабасының» бас бапкері отставкаға кететінін хабарлады
Ордабасы ФК

Футболдан ел чемпионы – шымкенттік «Ордабасы» командасы жаңа бапкер іздеп жатыр. Клубты жаттықтырып келген Александр Седнев қызметтен кететінін хабарлаған.

Мұндай ақпарат клубтың Instagram-дағы ресми парақшасында пайда болды. Хабарламада Седневтің отставкаға кеткісі келетіні және оны алмастыратын білікті маман іздестіріліп жатқаны жазылған.

«Команданың бас бапкері Александр Седнев, «Қызыл-Жармен» өткен ойыннан кейін клуб басшылығына клубтан кеткісі келетінін хабарлады. Шымкент қаласының басшылығы шешім қабылдауға уақыт алды», - делінген аталған хабарламада.

Айта кетейік, «Бірінші бол» YouTube-каналында шыққан подкастта спорт комментаторлары Олжас Байбосынов пен Ермұхамед Мәулен Седневтің отстакаға кетуі мүмкін екені және футболшылармен тіл табыса алмағанын айтқан болатын.

20 сәуірде «Ордабасы» өз алаңында «Қызылжармен» тең ойнады (1:1). Бес ойыннан 8 ұпай жинаған шымкенттік ұжым турнир кестесінің үшінші сатысында келеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам