Жаңа подкаст! Қонақта "Спарта" КВН командасының капитаны Данияр Жұмаділов

Шымкент әкімінің әкесіне қатысты тараған ақпаратқа Асхат Тағыберген пікір білдірді

25.04.2024, 16:22

Ол футболшылар мен жанкүйерлердің кездесуі болғанын растады

Шымкент әкімінің әкесіне қатысты тараған ақпаратқа Асхат Тағыберген пікір білдірді
Sputnik / Владислав Воднев

Бұған дейін журналист Владимир Жарков «Ордабасы» ойыншыларына белгісіз ер адамдар қоқан-лоқы көрсеткенін, тіпті африкалық легионерлердің нәсілін кемсіткенін жазған болатын. Ең сорақысы, дөрекілік көрсеткен адам өзін Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековтің әкесімін деп таныстырған-мыс.

Оқиға 23 сәуірде болған деп жазды Жарков. «Ордабасының» жаттығуына бірнеше автокөлік келіп, ішінен түскен ер адамдар клуб ойыншылары мен бас бапкеріне наразылығын айтқан. Асхат Тағыбергенді қорқытып, легионерлердің зәресін алған көрінеді.

Алайда, «Ордабасы» капитаны Асхат Тағыберген бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр. Ол жанкүйерлермен кездесу расымен де болғанын айтады. Эмоциялық әңгімелердің болғанын да жоққа шығармады. Алайда, қалған ақпараттың бәрі жалған деп қысқа қайырды.

«Бейресми дереккөздерде жарияланған ақпараттар қауесет болды және біз жанкүйерлер көтерген барлық сұрақтар мен шағымдардың тыңдалғанын растаймыз. Біз қарым-қатынас эмоционалды және кейде қызу болғанын мойындаймыз, бірақ жанкүйерлер мен бір-бірімізді түсіндік. Біз ойынды жалғастыруға және алдағы матчтарда ең жақсы ойынымызды көрсетуге дайынбыз», - деді А.Тағыберген.

Айта кетейік, бұған дейін «Ордабасы» клубының бас бапкері Александр Седневтің отставкаға кететінін ресми айтылған болатын. Клуб басшылығы оның орнына басқа маман іздеп жатқанын да баспасөз қызметі хабарлады. Алайда, 24 сәуірде “Ордабасы” президенті Бауыржан Абдубаитов Седневтің орнында қалатынын мәлімдеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам