«Ливерпуль» бұл атақтан үмітін үзгендей
Бүгін футболдан Англия Премьер-лигасының 35-турының қалған үш ойыны өтеді. Жанкүйерлер күтіп отырған орталық матч «Тоттенхэм» мен «Арсенал» арасында болмақ.
«Манчестер Ситимен» чемпмиондыққа таласуға тек «Арсеналдың» ғана мүмкіндігі бар. Өйткені «Ливперпуль» кеше тағы ұпай жоғалтты. Сол секілді «Тоттенхэм» де қарап қалмасы анық. Олар чемпионатты төртінші орынмен аяқтауға ниетті. Әзірге команда бесінші орында тұр. Төртінші орындағы «Астон Вилладан» 7 ұпайы кем. Бірақ 3 матч кем өтікізген.
Егер «Арсенал» жеңіске жетіп жатса, «Манчестер Ситидің» ұпай жоғалтқанын күтеді. Пеп Гвардиола шәкірттері Тоттенхэм» мен «Арсенал» ойынынан кейін «Ноттенгем Форестке» қонаққа барады. Былтыр олар осы «Сити Граунд» стадионында тең түскені бар. Оның үстіне, алаң иелерінің Премьер-лигада қалу мәселесі маңызды болып тұр.
Сондай-ақ «Борнмут» пен «Брайтон» ойнайды. Екі команда турнир кестесінде көрші орналасқан. Алаң иелері 34 ойыннан 45 ұпай жинаса, қарсыласта 33 матчтан кейін 44 ұпай бар. Осы кездесу қайсысының бір саты жоғары көтерілетінін шешеді.
***
Құрметті оқырман! Ақша ұтып алу мүмкіндігін құр жібермеңіз!
Осы материал астына «Тоттенхэм» – «Арсенал» матчының есебін дәл тауып жазсаңыз, ақшалай ұтысқа ие боласыз. Нәтижені тапқан алғашқы үш оқырманға 5 мың теңгеден сыйлығымыз бар.