Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Ұйқысынан оянған жоқ – «Тобыл» бапкері шәкірттеріне ренжулі

28.04.2024, 12:18

Оның пікірінше, футболшылар қарсыласты менсінбей алаңға шыққан

Ұйқысынан оянған жоқ – «Тобыл» бапкері шәкірттеріне ренжулі
"Тобыл" ФК

Қазақстан премьер-лигасының 6-туры аясында Қостанайда жергілікті «Тобылмен» Астананың «Жеңіс» клубы кездескен болатын. Ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Бұл күтпеген нәтиже еді. Өйткені ойын алдында алаң иелері айқын фаворит саналған. 

Матчтан кейін Қостанай командасының бас бапкері Милич Чурчич өз шәкірттеріне ренішін айтты.

«Комментарий қысқаша болады. Нәтижеге көңілім толмайды. Есеп 1:0 кезде тағы салу керек еді. Бізге концентрация жетіспейді. Кейбіреулер ұйқысынан оянбай жүр. Матч 14:00-де басталды. Қорғаныста реакция жетіспеді. Осы жағымен жұмыс істеу керек. Қарсыласты жақсы ойынымен құттықтаймын. Өз мүмкіндігін күтіп, гол соқты. Тағы да қайталап айтамын, 1:0 кезінде мәселені шешу қажет болған. Сондай ойын күттім. Төрт күнннен бері айтып жатырмын, түсінбейді. Қарсыласты бағаламау деген болмау керек. Сосын кездесу кезінде жазаңды аласың. Бүгін солай болды. Енді қателіктен сабақ шығаруды үйренеміз», - дейді Милич Чурчич.

Әзірге «Тобыл» 9 ұпайпен үшінші орында келеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам