Команда соңғы екі ойында жеңілді
Футболдан Қазақстан премьер-лигасының биылғы маусымдағы алғашқы отставкасы тіркелді. Алматының «Қайрат» клубы бас бапкері Кирилл Кекер қызметінен кетті. Бұл туралы Meta-tatings.kz мәлім етті.
Клуб қазіргі таңда жаңа кандидат іздеп жатыр. Команда келесі турда «Атыраумен» кездеседі. Ол ойынға команданы дубльдегі бапкерлердің бірі дайындайды.
Бұған дейін «Қайрат» ҚПЛ-дың 6-турында Қызылордада «Қайсардан» жеңілген. Оның алдында Алматыда «Ақтөбеге» есе жіберді.
Кекер «Қайраттың» бас бапкері ретінде 2022 жылғы маусымнан бері қызмет етеді.
Ал, клуб қожайыны Қайрат Боранбаев биыл алматылық клубтың басты мақсаты – ел чемпионатын жеңу деген болатын.