Криштиану Роналду «Әл-Насрды» ел кубогінің финалына алып шықты

Ол хет-трик жасау мүмкіндігінен өзі бас тартты

Getty Images
Getty Images

Сауд Арабиясы кубогінің жартылай финалдық матчында «Әл-Наср» мен «Әл-Халидж» кездесіп, алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жетті.

«Әл-Наср» сапында ойнайтын даңқты футболшы Криштиану Роналду екі гол соғып, дубль авторы атанса, Садио Мане пенальтиден қанжығасын майлады.

Бұл жеңіс эр-риядтық команданы ел кубогінің финалына алып шықты. Ақтық сында олар «Әл-Хилалмен» кездеседі.

Роналдудың комагдасы қазіргі таңда ел чемпионатында 71 ұпай жинап, турнир кестесінің екінші сатысында келеді. Ал, «Әл-Халидж» болса 35 ұпаймен 11-орынға жайғасқан.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам