Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Нұралы Әліп ЦСКА қақпашысынан кешірім сұрады

16.05.2024, 10:10

Ол пенальтиден гол соғып, командасын финалға алып шықты

Нұралы Әліп ЦСКА қақпашысынан кешірім сұрады
Чемпионат.com

«Зениттің» намысын қорғайтын қазақ футболшысы Нұралы Әліп Ресей кубогінің жартылай финалында ЦСКА қақпашысы Владислав Торопты баспен ұрып, бет сүйегін сындырып жіберген болатын. Матчтан кейін ол осы әрекеті үшін кешірім сұрады.

Айта кетейік, кеше Санкт-Петербургте Ресей кубогі жартылай финалының қарымта ойынында жергілікті «Зенит» мәскеулік ЦСКА-ны қабылдаған болатын. Ойынның негізгі уақыты 0:0 есебімен аяқталып, командалар жеңімпазды пенальти сериясында анықтады. Бұл сында «Зениттің» мерейі үстем болды. Семак шәкірттері бес мүмкіндіктің бәрін дәл орындаса, ЦСКА бір соққыны голға айналдыра алмады.

Матчтың бірінші таймында әуеден келген допты қақпаға баспен бағыттамақ болған Нұралы Әліп ЦСКА қақпашысына соқтығысты. Соққының ауыр болғаны сонша Владислав Тороптың бет сүйегі екі жерден сынды. Дәрігерлер оны алаңнан сүйемелдеп алып кетті. Ал, Әліп ойын аяқталған соң Тороптан кешірім сұрады.

«Ойында келеңсіз жағдай болды. Мен Владислав Тороптан кешірім сұрап, оның тезірек сауығып кетуін тілеймін. Мен допқа ойнадым және оған қандай да бір зиян келтірем деп ойлағаным жоқ. Мұндай болғанына қатты өкінем. Владислав, сен тезірек аяққа тұрып, алаңға қайта ораласың деп үміттенем», - деді Нұралы Әліп ойыннан кейін.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам