Меритократиясыз мегаполис, рулық жүйеден аса алмай отырған шенеуніктер...
«Ордабасы» клубын бірнеше жыл басқарған Бақтияр Байсейітовті қазір Интерпол итпен іздеп таппай жатыр. Ол кісі ақшаны қалтасына басып, Дубайға тайып тұрды. Қазір рахатына өмір сүріп жатыр.
Одан кейін клуб басшылығына Бауыржан Абдубайытов келді. Оның тұсында «Ордабасы» алғаш рет Қазақстан чемпионы болып, шымкенттіктер көптен күткен тарихи трофейге қол жеткізді. Бірақ ескі әкімнің тұсында қызмет бұйырған Бауыржан Абдубайытов жаңа әкім келген соң жылы орнын босатты.
Енді «Ордабасы» командасына жаңа басшы қарастырылып жатыр. Бірнеше кандидат бар, бірақ олардың ішінде әкіммен рулас екі «туысқан» фаворит саналып отыр екен. Түбі сол екеуінің бірі болуы мүмкін. Қай әкім – қай ру екенін де ішіңіз сезіп отырған шығар. Трайбализмнің иісі шығады. Меритократиясыз мегаполис, рулық жүйеден аса алмай отырған шенеуніктер...
Егер майлы орынның бәрі әкімнің руласына, туыстарына бұйыра беретін болса, қалай көгереміз? Білігіне, іскерлігіне қарап басшы таңдайтын күнге қашан жетеміз?