Бұл ақпаратты клуб басшылары 30 мамырда ресми хабарлауы мүмкін
«Барселона» бас бапкер ретінде неміс маманы Ханс-Дитер Фликті таңдады. Қос тарап екі жылдық келісімшарт жасасуға уағдаласты деп жазды sport.es агенттігі.
Дереккөздің мәліметінше, Фликтің «Барселона» жоспары клуб басшыларының көңілінен шығып, олар ойланбастан таңдау жасаған. Неміс маманы болса Каталонияда екі жыл емес, одан ұзағырақ уақыт қалғысы келетінін ашық білдіріпті.
Сондай-ақ, Флик «Барселонаның» қаржылық жағдайы мәз емес екенін түсініп, жоғары жалақы талап етпеген. Соған қарамастан, егер клуб қандай да бір трофей жеңіп алса, Флик қомақты бонусқа ие болады.
Еске салайық, «Барселонаның» қазіргі бапкері Хави маусым аяқтала салысымен отставкаға кететінін бұған дейін мәлімдеген.