Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Қазақстан каратешілері Азия чемпионатында көш бастады

11.11.2023, 11:04

Екіші орын – Иран, үшінші орын – БАӘ

Қазақстан каратешілері Азия чемпионатында көш бастады
Фото ашық дереккөзден

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде ересектер арасында Азияның I ашық чемпионаты аяқталып, жалпы есепте Қазақстан құрамасы алға шықты. Отандық жекпе-жек шеберлерінің қоржынында 8 алтын, 8 күміс пен 14 қола медаль бар.

Сары құрлық чемпионатында екінші орын Иранға (3 алтын, 2 күміс, 3 қола) бұйырса, 2 алтын жүлдемен Біріккен Араб Әмірліктері үштікті түйіндеді.

Чемпионатқа 10 елден 140-қа жуық спортшы қатысқан болатын. Олардың қатарында Германия, Үндістан, Иран, Қазақстан, Кувейт, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері бар.

Доданың соңғы күнінде командалық сында жүлделі орындар сарапқа салынып, кумите бағдарламасында Қазақстан ерлер командасы алтын, ал әйелдер қола жүлде иеленді.

Бәсекеде алтын медальді Ұлмекен Жалғас (68 келіден жоғары), Самашева Бэлла (55 кг), Даяна Даренская (61 кг), Диас Анарбеков (84 келіден жоғары), Жоламан Биғабыл (60 кг), Ерсұлтан Тәңірберген (67 кг), Диас Ұлбек (84 кг) жеңіп алса, күміс жүлде ката бойынша Лия Қошқарбаева, Мәди Катешов, кумитеден Әйгерім Тұрсынбекова (50 кг), Гүлмира Үсенова (61 кг), Николь Ценгель (61 кг), Дархан Тимралиев (60 кг), Әбілмансұр Батырғали (75 кг) және Айдос Мұхатқа (67 кг) бұйырды.

Бұдан өзге Ердос Кенжеғалиев (ката), Арина Якубина (68 келіден жоғары), Алина Сұлтанова (50 кг), Ақниет Шеризат (50 кг), Айжан Бакирова (61 кг), Венера Жақсыбаева (68 кг), Милана Власенко (68 кг), Айбек Шарап (60 кг), Дамир Нұрберген (75 кг), Азамат Марат (75 кг), Никита Тарнакин (84 кг) қола медаль иегері атанды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам