Сан-Мариноға қарсы матчқа Оразов пен Әліпті шығармау керек - Артур Асқарұлы

11.11.2023, 18:19

Бүгінгі подкаст қонағы - танымал вайнер, актер, Алматыдағы SD Family футбол академиясының бас директоры Артур Асқарұлы (Арчи).

Артур балаларға арналған академия ашуға не себеп болғанын, футболдағы жемқорлық пен инфрақұрылымның аздығы жайында мәселе көтерді.

Одан бөлек, Қазақстанда футбол мамандарының жоқтығы саланың қарыштап дамуына тұсау болып отырғанын айтты.

ЕУРО-2024 финалдық кезеңіне жолдама алу үшін Қазақстан құрамасы іріктеуде маңызды екі матч өткізеді. Артур Сан-Марино және Словения арасындағы матчтардан қандай нәтиже күтетінін айтты. Рамазан Оразов пен Нұрәлі Әліп алдағы матчта сары қағаз алатын болса, "Стожице" стадионында өтетін шешуші матчта шыға алмайтынын жеткізді.

Ермұхамед Мәулен де әдеттегідей инсайд ақпаратын бөлісті. Жастар құрамасын күшейтіп, негізгі құрамға "әскер" жасақтауды осы бастан қолға алу керегін айтты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Жаңа Подкаст! / Қазақ баласы қашан NHL-да ойнайды?