Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Черчесов келгелі Қазақстан құрамасынан бірнеше ойыншы денсаулығына байланысты кетіп қалды

05.06.2024, 10:10

Қазақстан мен Армения 7 маусымда кездессе, 11 маусымда Әзірбайжанға қарсы ойын өткізеді

Черчесов келгелі Қазақстан құрамасынан бірнеше ойыншы денсаулығына байланысты кетіп қалды
Қазақстан футбол федерациясы

Армения мен Әзірбайжан құрамаларымен болатын жолдастық кездесу алдында Қазақстан футболшылары оқу-жаттығу жиындарын бастады деп хабарлады ҚФФ-ның баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама ойыншыларын әзірге бас бапкердің көмекшісі Руслан Балтиев жаттықтыруда. 3 маусымда ресми тағайындалға бас бапкер Станислав Черчесов пен оның штабы жұмысқа осы жолдастық кездесулерден кейін кіріседі.

Ал, бұған дейінгі бапкер Магомед Адиев жасақтап кеткен команданың құрамына бірқатар өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда, тізе жарақатын алған Әділхан Добайдың орнына «Елімайдан» Михаил Габышев шақырылды. 

Сондай-ақ, Ислам Чесноков, Александр Зуев және Бекхан Шайзада да ұлттық құрама сапынан денсаулығына байланысты кетуге мәжбүр болған. Шайзаданың орнына үшінші қақпашы ретінде «Қайрат» сапынан Данил Устименко шақырылған.

Ал, шабуылшы Иван Свиридов U21 құрамасымен бірге Грузияға жолдастық кездесуге аттанған.

Айта кетейік, Қазақстан мен Армения 7 маусымда кездессе, 11 маусымда Әзірбайжанға қарсы ойын өткізеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам